Ыстықкөлде қайық қағып кеткен қазақ азаматы облыстық ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға Қара-Ой ауылындағы демалыс орындарының бірінің жағажайында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлде болған оқиға туралы хабар Ыстықкөл облысының ішкі істер департаментіне 2024 жылдың 15 шілдесінде ауруханадан келіп түскен.
«Медициналық мекемеге 42 жастағы Балықшы қаласының тумасы, қазір Қазақстан азаматы жеткізілді.Ол ауыр жарақат алды. Қайғылы оқиға Қара-Ой ауылындағы демалыс орындарының бірінің жағажайында болды», – деп хабарлады 24.kg.
Қайықтың иесі 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Су көлігін 18 жастағы жасөспірім басқарған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<