Бейбіткүл Кәрімова: Қысылтаяң кезеңде қажетті шаралар қабылданды

763

0

Бейбіткүл Кәрімова: Қысылтаяң кезеңде  қажетті шаралар қабылданды Мемлекет басшысы елімізді дүрбелеңге салған коронавирус індетіне байланысты Қазақстан халқына мәлімдеме жасады. Президент өз мәлімдемесінде халқымыздың көкейіндегі сан қырлы сұрақтарға жауап берді.

Елімізге төнген қиын кезеңде елді бірлік пен ауызбіршілікке шақыра отырып, мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетілетінін нақтылады. Оған Қасым-Жомарт Кемелұлының «Біз, мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз» – деген сөзі айқын дәлел.

Сонымен бірге, Мемлекет басшысы әлеуметтік сала бойынша көрсетілетін көмектер мен үстемақылар жайында ашып айтты. Бұл әрине, қазіргі қысылтаяң кезеңде еліміз үшін қажетті шаралар екендігі анық. Бір-бірімізге көрсеткен қолдауымыз бен ауызбіршілігіміздің арқасында қазақ елі бұл ауыр індетті де жеңіп шығары сөзсіз. Біріккен елдің алмас қамалы жоқ, бұл кезең де артта қалатынына сенеміз.

Әрдайым бірлікте болып, сақтық шараларын қатаң ұстанайық!

Бейбіткүл КӘРІМОВА,

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ректоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<