Қытайда соңғы тәулікте коронавирустан бірде-бір адам қайтыс болмады

402

0

Қытайда соңғы тәулікте коронавирустан бірде-бір адам қайтыс болмады Қытайда бір тәулікте 99 адам коронавирус жұқтырып, бірде-бір адам қайтыс болмады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Мемлекеттік комитетінің хабарламасында айтылады.

Комитеттің мәліметінше, қазір Қытайда коронавирус жұқтырған 1 138 адам ем алып жатыр. Олардың 139-ы ауыр жағдайда. Соңғы тәулікте коронавирустан бірде-бір адам қайтыс болмаған.