ҚҰҚЫҚТЫҢ БОЛАТ ҚОРҒАНЫ

321

0

ҚҰҚЫҚТЫҢ БОЛАТ ҚОРҒАНЫ Қызылордадағы «Мемлекеттік рәміздер» аллеясында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы, жеке құрамы, ішкі істер органдары ардагерлері мен облыстық ішкі саясат бақармасының мамандары қатысты.
Мерекелік жиын басталар тұста еліміздің Әнұраны шырқалып, ортаға Мемлекеттік туымыз әкелінді. Сонан соң Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау хаты оқылды.
Шарада облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Жарас Оспанов жиылған қауымды мерекемен құттықтап, Конституция күнінің полиция қызметкерлері үшін ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Салтанатта кәсіби біліктілігінің арқасында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген ішкі істер органдарының бірқатар қызметкерлері марапатталды. 20 жас полицей ант қабылдады. Аға буын атынан сөз сөйлеген қалалық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Алмағанбетов қызметке кіріскен жастарды құттықтап, борышын абыроймен атқаруларына тілектестік білдірді.
Мерекелік шара жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды.

А.АҚЫЛБЕКОВ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<