«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры облыстық «Қоғамдық денсаулық сақтау» департаменті, «Төтенше жағдайлар» департаменті, «Қылмыстық-атқару жүйесі» департаменті мен «Қорғаныс істері жөніндегі» департаменттерде «Құқықтық сана және мәдениет» тақырыбында түсіндірме шараларын өткізді.
Оның мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту, құқықтық сауаттылықты арттыру. Аталған шараларға қор директоры, заң ғылымдарының магистрі Ж.Тұсмағамбетов арнайы қатысып, тақырып төңірегінде хабарлама жасап, қатысушыларды толғандырған сауалдарға жауап берді.





