Қыз-келіншектерге құрмет

154

0

Уақыт өткен сайын погон таққан қыз-келіншектердің қатары  көбейіп келеді. Солардың  қатарында Қызылорда қалалық пробация қызметі бөлімінде мықты, батыл, ер азаматтармен қатар қызмет атқаратын нәзік жанды  аруларымыз бар. Әрқайсысы өз саласының майталманы.

С. Майқанова атындағы мәдениет үйінде «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған мерекелік салтанатты жиын болып өтті. Жиын Қызылорда қаласы  әкімінің орынбасары  
Ш.Баймановтың құттықтау сөзімен басталып, әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген азаматшаларды марапаттаумен жалғасты. Марапатталушылардың ішінде жергілікті атқарушы органдамен бірлесе, тығыз байланыста жұмыс атқарып келе жатқан  Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің қызметкерлері марапатталды. Атап айтқанда, Қызылорда қалалық Пробация бөлімі бастығының орынбасары әділет подполковнигі Примова Айнұр Жеңісқызы,  Қызылорда қалалық Пробация бөлімінің аға инспекторы әділет майоры М.Маратқызы, әділет аға лейтенанты Г.Байсариева,әділет аға лейтенанты Ж.Исмайлова, әділет аға лейтенанты Ф.Сембаева, әділет лейтенанты М.Досжанова Қызылорда қаласы әкімінің Алғысымен марапатталды. 

 Салтанатты жиын аяқталғаннан кейін, Мәдениет үйінің ұжымы әйелдер қауымына арнаған мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербейтін азаматшалар керемет көңіл-күймен тарады.

Қызылорда облысы бойынша 

ҚАЖД