Қызмет түрлеріне тең қолжеткізуді қамтамасыз етеді

297

0

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша жұртшылықпен есептік кездесу өткізді.

Мемлекеттік корпорацияның басшылығы мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өткізді, онда мемлекеттік корпорация төрағасының орынбасары Әсемгүл Балташева мемлекеттік қызметті кедергісіз көрсету арналары туралы баяндады.

«Азаматтарға арналған үкімет»  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, біз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшін жаңа пилоттық жобаларды үнемі енгізіп отырамыз», – деді Балташева.

 Осылайша, мемлекеттік корпорацияның фронт-офистерінде пандустар, қоңырау шалу түймелері, Брайльдегі тактикалық белгілер және мүгедектерге арналған жеңілдік терезелері, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгілеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектері 1414 бірыңғай байланыс орталықтарына (тегін қоңырау) өтініш беру  арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттік корпорация қызметкерлері үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.

Өткен жылдың наурыз айында есту қабілетінен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы»  жобасы іске қосылды, білікті ымдау тілінің сарапшысы арнайы резервтік монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасызетеді. Бүгінгі таңда бұл қызмет түрін 625 мың есту және сөйлеу қабілетінен айырылған азаматтар ала алды.

Сөзімізге дәйек болсын, қазіргі уақытта Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі 475 адам жұмыс істейді.

                                                                       «Азаматтарға арналған үкімет   

                                                                       мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<