Қызметкерлер мемлекеттік тіл курсынан өтті

285

0

Қызметкерлер мемлекеттік тіл курсынан өтті Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын іске асыру мақсатында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мемлекеттік тіл курсынан өтті.

Тілдерді дамыту орталығының оқытушысы Ерекешова Жаныгүл мемлекеттік тілдің толық курста  терең білім берді. Қызылорда облысында қазақ тілін меңгеру деңгейі орташадан жоғары екенін атап өтуге болады. Ерекешова Жаныгүлдің айтуынша халықты ағылшын тіліне үйрету қызығушылығын жоғарылатуда, осы мақсатта екінші тіл үйрету әдісі қолданылады.

Сабақ барысында өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білді. Тапсырмалардың бір бөлігі логика мен жадыны дамытуға бағытталған. Әрбір материалдың қорытындысы мен шоғырландырылуы ән мен поэзиямен  сүйемелденді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің 13 қызметкері курсты тәмамдағаны туралы  сертификаттарды  иеленді.

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару жұмыстары қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<