Қызметкерінен пара алған директор тергеліп жатыр

248

0

Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті «Резерв» мемлекеттік кәсіпорыны «Балқаш» филиалының директоры пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 
«Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны «Балқаш» филиалының директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, ол жұмыс бабында жалпы қамқорлығы үшін бағынышты қызметкерден пара алу күдігіне ілігіп отыр. Күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<