Қызылорда қаласының іргесіндегі Ақсуат ауылдық округіне қарасты Наурыз елді мекенінде тұратын 6 мыңға жуық адам ендігі жерде сапалы тіршілік нәрін тұтынады. «Мелиоратор» серіктестігі салған ауызсу жинау қоймасының игілігін «Наурыз», «Сабалақ» саяжайларының халқы да көре алады.– Құрылысы кейін аяқталған, жаңадан салынып жатқан үйлер шет қалмауы керек. Сондай-ақ, әрбір баспанаға есептеу құралдары орнатылуы тиіс, – деді жұмыс барысымен танысу кезінде шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев.
«Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында Талсуат, Қосшыңырау, Белкөл-2, Қызылөзек, Қарауылтөбе елді мекендерінде де су жинау қоймалары салынып жатыр.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».





