Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Мемлекет басшысымен кездесті

1110

0

Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Мемлекет басшысымен кездесті Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Birgemiz» волонтерлардың республикалық фронт-офисі ашылды. «Birgemiz» фронт-офисі «ЭКСПО» аумағындағы ArtHUB павильонында орналасқан.
Бұл – консультациялық, әдістемелік білім беретін, ақпараттық орталық. Фронт-офис қызметкерлері Қазақстан бойынша волонтерлардың жобаларын үйлестіреді.

Еліміздің ең үздік еріктілерінің басын қосқан бұл шарада Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жеңіс» республикалық қайырымдылық жобасы мен Қызылорда қаласында осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
Әлеуметтік осал топтар, ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бағытталған бұл жоба Қызылорда қаласы аумағында 4 жыл көлемінде тұрақты жұмысын жүргізіп, 100-ге жуық ардагерге тікелей көмегін көрсетуде.