2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымында көмір тапшылығын болдырмау және едәуір арзан бағада көмір отынын алу мақсатында, көмірді қазан-қараша айларында емес, бүгіннен бастап сатып алуларыңызды сұраймыз.
Жаз мезгілдерінде өңірге жеткізілетін көмір отынының бағасы қазан-қараша айларына қарағанда 15 процентке төменірек болады.
Ең бастысы – көмірді күн сәулесі мен жаңбырдан қорғап, жабық шатырдың астында сақтау қажет.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасының «Тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық» бөлімі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<