Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты өз жұмысын бастады

676

0

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты өз жұмысын бастады Бүгін Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының ашылуы және тергеу сотына тағайындалған төраға мен судьяны таныстыру рәсімі өтті. Қызылорда облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Қалымбет тергеу сотының салтанатты ашылуымен құттықтай келе, тергеу соты судьяларының жұмысына табыс тіледі.
«Тергеу соты өз алдына қылмыстық қудалау функциясын емес, сот бақылауын жүргізуді мақсат етіп қояды», – деді Б.Қалымбет. Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үшінші қабатында орналасқан. Сотта екі судья мен алты маман қызмет атқарады. Марат Тұрғанбаев сот төрағасы болып тағайындалды.
Сот отырыстары өтетін барлық залдар аудио-бейнетіркеу жүйесімен жабдықталған. Тергеу соты қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында тұлғаның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметтерді атқарады.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<