Бас әскери прокурор азаматтарды қабылдайды

339

0

Бас әскери прокурор азаматтарды қабылдайды Мемлекеттік органдарға азаматтардың сенімін нығайту, жергілікті және орталық ақпараттық қызметті жетілдіру мақсатында 29 мамыр күні сағат 16.00-де Бас әскери прокурор азаматтарды қабылдайды.
Осыған орай, егер сіздің конституциялық немесе өзге де құқықтарыңыз, әскери басқару, қылмыстық қудалау органдарының лауазымды тұлғалары тарапынан заң талаптары бұзылса, қабылдауға қатысуыңызға болады.
Ол үшін Қызылорда гарнизонының әскери прокуратурасына алдын ала 23 мамырға дейін ескерту қажет.
Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы Нұрмақов көшесі, 2 «а» үй, тел. 27-77-37, электронды пошта: 7247503@prokuror.kz.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<