Қызылордада екі күн \»Жолда қабылдау\» акциясы өтеді

256

0

Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізумақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментімен ағымдағы жылдың қаңтар айының 17–18 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.

Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығы, оның орынбасарлары, Жергілікті полиция қызметі, Әкімшілік полиция басқармасы, жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы орындарда халықты жеке қабылдайды.

Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ он-лайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу,  полиция  қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.

«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:

Қызылорда қаласы – Әуелбеков көшесінде орналасқан №1 «Самара» стационарлық полиция бекеті;
Қызылорда қаласы «Ескі базар» жанында орналасқан Тоқтыбаев көшесіндегі №3 «Самара» стационарлық бекеті;
Арал қаласы – «Жаксат и К» авто бекеті М.Өтемісұлы көшесі
Қазалы ауданы – Әйтеке би- Қ.Пірімов көшелері қилысы «Фронт-офис»;
Қармақшы ауданы – Абай көшесі халыққа қызмет көрсету орталығы;
Жалағаш ауданы – «Аманкелді көшесі, Байтерек базары жанында»;
Сырдария ауданы –Аманкелді көшесі 47 аудандық полиция бөлімі;
Шиелі ауданы –Жахаев көшесі №1 учаскелік полиция пункіті;
Жаңақорған ауданы – Ы.Алтынсарин көшесі №1 учаскелік полиция пункіті;
Байқоңыр қаласы–Ахай кенті Абай көшесінде орналасқан стоционарлық полиция бекеті, Төретам кенті Жанқожа батыр көшесінде орналасқан стоционарлық полиция бекеті;

Аталмыш шара сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін  жалғасады.

17–18 қаңтар аралығында 30-45-51, 30-40-23 телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.

Бұдан бөлек  пәтер иелері коперативының қызметкерлерімен бірге учаскелік полиция инспекторлары төмендегі мекен-жайларда аулада қабылдау акциясын өткізеді; 

1. №9 әкімшілік аймақта Шұғыла м/а №25 үй ауласы;

2. №10 әкімшілік аймақта Абай даңғылы №41 үй ауласы;

3. №11 әкімшілік аймақта «Сәулет» мөлтек ауданы №8 үй ауласы;

4. №12 әкімшілік аймақта «Наурыз» мөлтек ауданы №13 үй ауласы;
5. №13 әкімшілік аймақта С.Бейбарыс көшесі №8 үй ауласы;

6. №14 әкімшілік аймақта «Арай-3»  м/а №60 үй ауласы.      

 

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 

 

 

 

 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<