Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

202

0

Қызылорда, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қагидрометке сілтеме жасап.
17 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. 17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с.
Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. 17 қаңтарда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде – көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін.
Нұр-Сұлтан қаласында 17 қаңтарда ара-тұра қар жауады, бұрқасын болады. Күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-25 м/с жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<