Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады

340

0

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке қарағанда, 4-6 қыркүйек күндері Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін, 4 қыркүйек күні күндіз соққан желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.  Дауыл соғу қаупі – 90-100%.