Ауа айының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінудің нашарлығы, көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» тасжолының екі учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төмендегі жолдарда автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:
«Қызылорда-Павлодар» жолының 1 135-1 206 шақырымы аралығы, Қарағанды облысы шекарасы – Бозшакөл ауылы.
«Қызылорда-Павлодар» жолының 1 066-1 135 шақырымы, Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы.
Айта кетерлігі, сағат 13.20-дан бастап бұрын жабық болған Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолы көліктің барлық түрі үшін ашылды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<