Қызылорда-Павлодар тасжолы жабылды

114

0

Ауа айының қолайсыздығына байланысты (боран, көрінудің нашарлығы, көктайғақ) «Қызылорда-Павлодар» тасжолының екі учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төмендегі жолдарда автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды:

«Қызылорда-Павлодар» жолының 1 135-1 206 шақырымы аралығы, Қарағанды облысы шекарасы – Бозшакөл ауылы.

«Қызылорда-Павлодар» жолының 1 066-1 135 шақырымы, Молодежный ауылы – Павлодар облысының шекарасы.

Айта кетерлігі, сағат 13.20-дан бастап бұрын жабық болған Нұр-Сұлтан-Павлодар тасжолы көліктің барлық түрі үшін ашылды.