Қызылорда: \»Шұғылада\» су болмайды

214

0

 Бүгін түскі сағат 14.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін Қызылорда қаласының «Шұғыла» шағын ауданында ауызсу беру уақытша тоқтатылады, – деп хабарлады «Қызылорда су жүйесі» МКК-нан.
 Өйткені шағын ауданды сумен қамтамасыз ететін Ғ.Мұратбаев көшесінің бойындағы кұбырда авариялық жағдай болған. Бүгінгі күні мамандар соны қалпына келтіріп жатыр.
  «Қызылорда су жүйесі» мекемесі қала тұрғындарын уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұрайды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<