Қызылорда: тұман түсіп, көктайғақ болады

249

0

«Қазгидромет» Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 3 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с.

Маңғыстау облысының бірқатар аумақтарында 3-ші ақпанда тұман түседі. Түнде кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<