Қызылорда – Жалағаш жолында екі автокөліктің соқтығысуынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды https://tengrinews.kz/ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Үстіміздегі жылдың 7 маусымында Сырдария ауданы аумағындағы Қызылорда – Жалағаш тас жолында Mitsubishi Galant және Audi S4 маркалы екі көлік соқтығысып, 2 адам оқиға орнында қаза тапты», – делінген департамент таратқан хабарламада.
Осы факті бойынша қазір соталды тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда





