Қызылорда және Түркістан облыстарында дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қызылорда облысында 26 шілдеде таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 23-28 метрге жететін жел соғуы мүмкін. Дауыл тұру қаупі – 95-100%. Түркістан облысында 26 шілде күні кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп күтілуде. Дауыл тұру ықтималдылығы 90-95%.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<