Ол өзеннің арнайы белгіленбеген тұсында суға түспек болған. Оның жансыз денесі көп ұзамай сол аумақтан табылып, судан шығарылды. «Қызылорда облысы аумағында жыл басынан бері 29 адам суға кетті. Оның 12-сі бала. Департамент тарапынан судағы қауіпсіздік жөніндегі рейдтер мен үгіт-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Соған қарамастан суға түсудегі қауіпсіздік шаралары сақтала бермейді. Сондықтан облыс тұрғындарына өздері мен балаларының суға түсу кезінде сақ болуын сұраймыз»,-деді Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Саид Молдақараев.
Қызылордада 21 жастағы жігіт суға кетті
04.08.2019
282
0





