Қызылордада 9 түрлі өнімге шекті бөлшек сауда бағасы бекітілді

368

0

Қызылордада 9 түрлі өнімге шекті бөлшек сауда бағасы бекітілді Қызылордада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 9 түрі үшін шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов өңірлік коммнуикациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді. 
Олар: І сортты ұн – 154 теңге, І сортты нан – 139 теңге, рожки – 197 теңге, қарақұмық жармасы – 294 теңге, күріш – 251 теңге, сиыр еті – 1760 теңге, І категориялы жұмыртқа – 286 теңге, өсімдік майы – 414 теңге, тұз – 47 теңге. 
 Сондай-ақ, І сортты ұн бағасын тұрақтандыру және сәйкесінше әлеуметтік нан бағасын қымбаттатпау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы, Астық өңдеушілер одағы және облыс әкімдігі арасында сәуір-тамыз айларында ай сайын әр келісі 130 теңгеден 2475 тонна І сортты ұнды облысқа жеткізу туралы меморандумға қол қойылды. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен тікелей 17 түрлі ерте пісетін көкөніс өнімін сатып алуды ұйымдастыру және кедергісіз көрші облысқа кіріп-шығуды қамтамасыз ету туралы уағдаластық, – деді Б.Жақанов.
Сб-ақпарат.