Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын 4 жылға сотталды

188

0

Қызылордада мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп елді алдаған жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сотталушы А. бұл әрекетін Қызылорда қаласында жасаған. Екі танысына мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып бере алатынын айтқан. Олардың бірінен 800 мың теңге алса, екіншісінен 1 млн 500 теңге талап еткен. Осылайша қомақты қаржыны қалтаға басқан.
«Оның алаяқтық әрекеті жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Күмісбай Қусекеев.
Бұдан бұрын Қызылордада алаяқ әйел төрт тұрғынның 1, 5 млн теңгесін үптеп кеткенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қызылордада тұрғындардың 3 млн теңгесін алып кеткен алаяқ әйел сотталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<