«Қазгидромет» РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызылордалықтарға дабылды құлаққағыс жасады.
Филиалдың мәліметіне сәйкес, 26 наурызда облыстың кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, оның күші кей жерлерде секундына 15-20, күндіз 25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Қызылорда қаласында 26 наурызда күндіз шаңды дауыл болады. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 метрге дейін сақталады. «Осыған байланысты үй шатырларының ұшуынан абай болыңыздар!» – деп ескертеді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасынан.
Қызылордада қатты жел жалғасады
25.03.2020
301
0





