Қызылордада ауру жұқтырғандар саны 28 болды

317

0

Қызылордада ауру жұқтырғандар саны 28 болды Қызылылордада коронавирус ауруын жұқтырған адамдар саны 28 болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді. 

«Олар – Шиелі, Қармақшы ауданының тұрғындары. COVID-19 вирусын жұқтырған адамдармен байланыста болған. Жағдайлары қанағаттанарлық», – деді басқарма басшысы.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен қарым-қатынаста болған 662 адамның 237-сі карантинде, 425 -сі үй жағдайында бақылауда.