Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде 20 жасқа дейінгі жастар арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды. 233 спортшы қатысқан бұл жарыстың нəтижесінде биыл 1-8 маусым аралығында Фидижи мемлекетінің Сува қаласында өтетін әлем чемпионатына баратын спортшылар іріктеледі.
Олар 20 салмақ санатында жүлделерді сарапқа салады: 10-ы – ұлдар, 10-ы қыздар арасында. Кешегі күннің нәтижесі бойынша бірқатар салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Айталық, Ақмола облысынан келген Айым Мұхаметжанова (45 келі), Диана Серебрякова (49 келі), Диана Жүсіпбекова (55 келі), шығысқазақстандық Елизавета Белоусова қыздар арасында алтын медальге ие болды. Ал ұлдар арасында Батыс Қазақстан облысынан келген Рүстем Уоашев (55 келі), қызылордалық Азамат тілеген (61 келі) жеңімпаз атанды. Ел чемпионаты 30 наурыз күні аяқталады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<