Қызылордада қайда коммуналдық төлем жасауға болады?

411

0

Қызылордада қайда коммуналдық төлем жасауға болады? Құрметті тұрғындар!
Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, коронавирус індетінің таралу қауіпін азайту және тұрғындарды барынша оқшаулау, сондай-ақ, коммуналдық қызметтер үшін үздіксіз төлем жүргізу жүйесін енгізу мақсатында Сіздер үшін келесі қызмет түрлері қызмет атқаруда:
– ресми веб-сайтта epd.kz, Жеке кабинетте (электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру, қатты қалдықтарды шығару, ПИК қызметтері үшін);
– негізгі банктердің мобильдық қосымшалары арқылы (Халық банкі, СБЕРБАНК, КАСПИ және т. б.);
– QIWI және Касса24 төлем терминалдары арқылы.
Сонымен қатар, қала бойынша төлемдер қабылдау кассалары жұмыс жасауда:
– «Энергосервис» ЕЖШС: Ақмешіт м/а 18, Шұғыла м/а Мүсірепов көшесі 77 а, Титов қыстағы, Кызылжарма а/о Торайгаров көшесі 148. Жұмыс кестесі: дүйсенбі – жұма сағ. 09:00-ден 17:30 дейін, сенді сағ. 09:00-ден 12:00 дейін.
– «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ҚӨФ: Байсейітова көшесі 138/7, Абай даңғылы 51/66, Жанқожа батыр 82 А, Титов қыстағы 8/1. Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 09:00-ден 17:00 дейін, сенбі сағ. 09:00-ден 15:00 дейін Жанқожа батыр 82 А, Титов қыстағы 8/1, сағ. 12:00-ден 18:00 дейін Байсейітова көшесі 138/7, Абай даңғылы 51/66.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы.