Ағымдағы жылғы қазан айының 5-31 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ, экологиялық қылмыстарды ашу болып табылады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 27.02.2015 жылғы «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, әуесқойлық (спорттық) аң аулау үшін аңшыда мынадай құжаттар болуы қажет:
1. аңшы куәлігі;
2. жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсаты;
3. аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;
4. аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде – азаматтық қару мен оның
патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаты.
Аң аулауды өткізу мерзiмдерiн Сіздердің назарларыңызға ұсынамыз:
|
Жануарлар түрлері |
Аң аулау мерзiмдерi |
|
Су тышқан (ондатра) |
1 қазан – 15 ақпан |
|
Кәдiмгi тиiн |
20 қа зан – 15 ақпан |
|
Жанат тектес ит, қарсақ, түлкi, бұлғын, құну, сарғыш күзен, ақ қалақ, ақкiс, сары күзен, сасық күзен, американ су күзенi, кәмшат (ортаазиялықтан басқасы), |
1 қараша – 15 ақпан (аң аулайтын ит түрлерімен және аушы жыртқыш құстармен қарсақ, түлкі және қоян аулау солтүстiк аймақта** |
|
Зорман (сары тышқан) |
ұйқыдан шыққаннан бастап – 30 сәуiрге дейін |
|
Суырлар* |
15 маусымнан бастап ұйқыға жатқанға дейін |
|
Шалшықшылар, жылқышы |
1 шілдеден бастап 30 қарашаға дейін |
|
Бөдене, кептер, түркептер |
20 тамыздан бастап 30 қарашаға дейін (аң аулайтын иттермен және қыран құстармен 15 шілдеден бастап ұшып кеткенге дейін бөдене аулау) |
|
Маймаққаз, қаз*, қарашақаз, үйрек*, қасқалдақ |
қыркүйектің алғашқы сенбісінен бастап 30 қарашаға солтүстік өңірлер бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік өңірлер бойынша. |
|
Шiл (аққұр, тундралық, сұр, дала шiлi, сақалды шiл), шіл |
қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 15 қарашаға дейін (аулайтын иттермен және аушы құстармен 15 тамыздан бастап) |
|
Құр |
қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 30 қарашаға дейін солтүстік аймақтар бойынша**, 15 желтоқсанға дейін оңтүстік аймақтар бойынша. |
|
Борсық |
қыркүйектің алғашқы сенбісінен – 31 желтоқсан |
|
Марал, аскания бұғысы, қабан, құдыр, бұлан |
1 қыркүйек – 31 желтоқсан |
|
Сібір елігі |
20 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) |
|
Сібір тау ешкісі |
1 қыркүйектен бастап 31 желтоқсанға дейін (аталығына 1 тамыздан бастап) |
|
Гималай ұлары, кекiлiк |
1 қазан – 15 желтоқсан |
|
Құндыз |
15 қазан – 31 желтоқсан |
|
Қырғауыл |
15 қазан – 31 желтоқсан (аң аулайтын иттермен және аушы құстармен 1 қазаннан бастап) |
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі





