Қызылордада бұршақ жаууы мүмкін

326

0

Қызылордада бұршақ жаууы мүмкін «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша 26-28 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

26 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде шквал, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі.

Қызылорда қаласында 26 наурыз күндіз оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с желдің күшеюі, шквал күтіледі.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы –  95-100 %.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.

Дереккөз: Kyzylorda-news.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<