Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы саласындағы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында 24 қыркүйектен бастап «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Шараға есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының, Криминалды полиция басқармасының, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұмылдырылды.
Іс-шара аясында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында шаруашылық ететін субъектілер тексеріліп, дәріханаларда, қоймаларда, емдеу-профилактикалық мекемелерде, өндіріс орындарында рейдтік шаралар ұйымдастырылады.
Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі





