6 мамыр күні Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері мен әуесқойлар арасында веложарыс өтеді.
Шара мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, мекеме қызметкерлері мен әуесқойларды жүйелі түрде спортпен шұғылдануға баулу,велоспортқа қызығушылығын арттыру.
Таңғы сағат 9.00-де «Тағзым» алаңына қатысушылар жиналса, сағат 10.00-де веложарыс басталады. Сөре «Тағзым» алаңынан басталып, С.Толыбеков – Желтоқсан- Ш.Есенов көшелері арқылы«Евразия» спорт кешенінде мәресіне жетеді. Сондай-ақ, жарыс соңында қатысушыларға арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады.
Ескерту: Веложарысты өткізу барысында жоғарыда аталған көшелер жабылады. Баршаңызды веложарысқа белсенді қатысуға шақырамыз! Салауатты өмір салтын ұстануға өз үлесімізді қосайық!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<