«Қызылорда облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Н.С. Тастанбекова қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады», – делінген хабарламада. Ол алаяқтық жасағаны және азаматшаны техникалық персонал ретінде жұмысқа қабылдау үшін аталған мектеп-гимназия директорына 300 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдіктелген. Биыл 4 қарашада Тастанбекова Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен алаяқтық және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.
Қызылордада мектеп директорының орынбасары пара беруге итермелегені үшін сотталды
06.11.2019
263
0





