Қызылордада отырып ойнау волейболынан Қазақстан чемпионаты өтеді

271

0

Қызылордада отырып ойнау волейболынан Қазақстан чемпионаты өтеді 29 тамыз – 1 қыркүйек аралығында «Мұз айдыны» спорт кешенінде отырып ойнау волейболынан ҚР чемпионаты өтеді.

Жарысқа Шымкент қаласынан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарының командалары қатысады.

Жарыс мақсаты – үздік ойыншыларды анықтау, келесі жылы наурыз айында Америкада өтетін Əлем чемпионатына команда жасақтау.

Ел чемпионаты 29 тамыз күні сағат 10.00-де басталады, 11.00-де салтанатты ашылуы өтеді.