![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2019-11/medium/1575012204_photo_61457.jpg)
Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін азаматты жұмысқа орналастыру үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған Сәкен Сейфуллин атындағы №4 орта мектептің директоры А.Ж.Алтынбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын.
«Ағымдағы жылдың 26 қарашасында №2 Қызылорда қалалық сотының үкімімен шенеунік осы сыбайлас жемқорлық қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру арқылы 9 миллион теңге айыппұл салынды», – делінген хабарламада.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<