Қызылордада «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтуде

31

0

Қызылорда облысының  Полиция департаменті Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, 2018 жылғы 18 желтоқсан мен 2019 жылғы 3 қаңтар аралығында заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібін сақтауын тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізушілерді анықтау мақсатында облыс көлемінде «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындар мен көшелерде,  тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау, сертификатталмаған заңсыз пиротехникалық өнімдерді  тасымалдауды  анықтау  және  жолын  кесу болып табылады.  
Сонымен қатар іс-шара барысында  жас балалар арасында жарақат алуды болдырмау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметке түскен полиция жасақтарының,  учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ мектеп инспекторларының кәмелетке толмағандармен пиротехникалық бұйымдарды, оның ішінде білім беру мекемелерінің аумағында пайдаланудың жолын кесуге ерекше назар аударылуда.
Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленбеген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда  пиротехникалық бұйымдарды қолдану ҚР  ӘҚБтК-нің 436 – бабының 2-бөлігіне сәйкес,  пиротехникалық бұйымдар тәркілене отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын болса, азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 483-бабының 1-бөлігімен пиротехникалық  заттар тәркілене отырып,  жеке тұлғаларға  5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне  немесе  коммерциялық емес  ұйымдарға – 10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне – 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне – 45  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп  соғады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз