Спорт ойындарының салтанатты ашылуына облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бекболат Байжанов, облыстық спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов қатысты.
Сайыстарды әділ жүргізуге төрешілер атынан еркін күрестен халықаралық дәрежедегі төреші Бөгенбай Ремет, спортшылар атынан дзюдодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері Құндыз Жылқыбай ант берді.
Жалпы жарыс спорттың 10 түрінен өтуде. Бүгінге күнге дейін дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, таеквондо және қазақ күресінен жарыстар аяқталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<