Қызылордада шағын футболдан ерекше турнир өтті

310

0

Қызылордада шағын футболдан ерекше турнир өтті Қызылорда облысында шағын футболдан ерекше турнир өтті. Турнирдің мақсаты – цифрландыруды, электронды қызметтерді оқушылар арасында насихаттау.

Турнирге қатысушылар Қызылорда облысының аудандарынан және көрші Ақтөбе облысынан «Қамбаш» балалар сауықтыру лагеріне жазғы демалысқа келген жасөспірімдер. Турнирге жалпы саны 6 команда қатысты.

Жеңімпаз командалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.