Қызылордада шетелдік көліктерді тіркеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

188

0

Қызылордалық полицейлер ЕАЭО елдерінен әкелінетін автокөліктер бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
17 қаңтардан бастап Арнайы авто халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, ЕАЭО елдерінен әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
1-2 ақпан күндері орталыққа келген көлік иелерін полиция қызметкерлері тіркеу ережелерімен таныстырды. Азаматтардың барлық сұрақтарына мазмұнды жауаптар берілді.
Бұған қоса, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері баж салығының мөлшерін есептеуде.
Өткен демалыс күндері барлығы 28 азаматқа құқықтық кеңес берілді. Олардың 10 – і Армениядан, ал 18 –ы Ресей Федерациясынан әкелінген көліктер.
Тұрғындар өз кезегінде кеңес берген полиция қызметкерлеріне алғыстарын айтып жатыр. Полицейлер болса тұрғындарға апта бойы демалыссыз түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, облыс тұрғындары мен қонақтары қосымша ақпарат алу үшін Саll-орталығына 8-747-514-19-30 телефоны арқылы хабарласуларына болады. Осы бағыттағы жұмыс күнделікті жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<