Қызылордада студенттік еріктілер қозғалысы құрылады

305

0

Биыл Қызылорда облысында еріктілер қозғалысын дамыту үшін 2 миллион теңге бөлініп, отыздан астам іс-шара өткен.
Келер жылы бұл мақсатқа бөлінетін қаржы 3 есе артады. Мемлекеттік тапсырыс негізіндегі әлеуметтік жобалар аясында студенттік еріктілер қозғалысы құрылмақ. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға, панасыз адамдарға түрлі көмек көрсетеді. Бұдан бөлек аймақтан жас волонтерлер мектебі мен лагерін құру көзделген. Бұл жобалар республикалық жол картасы аясында жүзеге асады.
Қуаныш Жанұзақов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
– «Экосақшы» жас волонтерлар жұмысын бастап кеттік. Келер жылы одан әрі жалғасын табатын болады. Енді бұған дейінгі әлеуметтік жоба аясында 300-ге жуық жас еріктілердің базасы жасақталып қойды. Жеті бағыт бойынша «Білім», «Асыл мұра», «Таза Қазақстан» бағыттары бойынша Қызылорда өңірінен жас волонтерлардың жұмысын ұйымдастыратын боламыз. 

https://24.kz/

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<