![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/posts/2020-02/thumbs/1582777976_200227100405199e.jpg)
Дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Моңғолия, Босния және Герцеговина, Қазақстанның әр өңірінен келген тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады.
Жарыс классика бойынша 9 турда, 17 жасқа дейінгі жастар және одан жоғары жастағы ерлер мен əйелдер арасында 4 топта өткізіледі.
Айта кетейік, ашық Азия кубогы Қазақстанда жəне Қызылорда облысында алғашқы рет ұйымдастырылуда. Айтулы жарыс бұған дейін облыстық, республикалық жəне халықаралық болып өткізілген.
Жарыс 2 наурыз күні сағат 10.00-де «Нұрсəт» теннис орталығында басталады, 16.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде салтанатты ашылуы өтеді.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 6 наурыз күні белгілі болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<