Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

429

0

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтуде Қызылордада республикалық  «Жолда қабылдау»  акциясы   басталды. Облыс бойынша 11 мобильді қабылдау пункттері, ал облыс орталығы Қызылорда қаласында 2  мобильді қабылдау пункттері қызмет етіп жатыр.
Екі күнге жоспарланған акцияда полиция департаментінің басшылығы, әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар, Қызылорда қалалық полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларынан құралған арнайы мобильді топтар белгіленген  жерлерде тұрғындарды қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, акция барысында облыс тұрғындары департаменттің ресми әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.