Қызылорданы тікұшақпен дезинфекциялайтыны рас па?

296

0

Қызылорданы тікұшақпен дезинфекциялайтыны рас па? Қызылордалықтар арасында бүгін ватсап әлеуметтік желісі арқылы «Бүгін сағат 23.40-тан бастап ешкім үйден тыс жерде болмауы керек. Есік-терезелер жабық тұруы керек. Өйткені 5 тікұшақ коронавирусты жою үшін дезинфекциялық құралдарды шашыратады» деген хабарлама тарады. Оқырман көкейіндегі мәселеге байланысты мән-жайды қала әкімдігіне хабарласып білдік. 
«Мұндай негізсіз хабарламаларға емес, ресми ақпаратқа сену керек. Бұл шындыққа жанаспайды. Сондықтан қала тұрғындары алаңдамаса болады», – деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Балгүл Мәмен. 
Сондай-ақ, ол осындай өтпелі кезеңде халықтың елде және өңірде жарияланған төтенше жағдай мен карантин талабына бағынып, сабырлы болуы маңызды екенін атап өтті.

Сб-ақпарат