Қызылордадағы өрт: жапа шеккендер жоқ

233

0

Кеше кешкі сағат 5 жарымдар шамасында 112 нөміріне Қызылорда қаласының Қорқыт ата көшесіндегі №170 үйден өрт шыққаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндіру қызметінің бірінші жауынгерлік есебі оқиға орнына барлау жүргізді. Нәтижесінде жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын тұрғын үйдің үстіңгі жабыны мен тұрмыстық заттары жанғаны анықталды. Құтқарушылар көршілес орналасқан үйге өрттің таралу қаупін уақытылы тоқтатып, көп ұзамай толық сөндірді.

Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Оның шығу себебі мен шығыны анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<