Қызылордалық Фараби Сауытбаев – Азия чемпионы

298

0

Қызылордалық Фараби Сауытбаев - Азия чемпионы Өзбекстанның Ташкент қаласында қысқы әмбебап жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Фараби Сауытбаев Азия чемпионы атанып, ел абыройын асқақтатты.

Ол 65 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасып, қарсыластарының барлығынан басым түсті. Оның өткізген үш кездесуінің нәтижесі: Ауғанстан – таза жеңіс, Тәжікстан – 4:1, Өзбекстан (финал) – 3:1.

Ф.Сауытбаев 1993 жылдың 19 қазанында Арал ауданында дүниеге келген. Әмбебап жекпе-жектен ҚР-ның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2018 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Қазіргі таңда №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Жаттықтырушысы: Бауыржан Жүсіпов.

Әмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушысы Нұрбек Жармахановтың  айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың 8-10 мамыр күндері Қызылорда қаласында әмбебап жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Бұл дүбірлі додада Азия чемпионы Фараби Сауытбаев және облыстың құрама командасы облыс намысын қорғайды.

Азия чемпионатына 10 елден 100-ге жуық спортшылар қатысты. Қазақстан құрамасы 3 медаль еншілеп,жалпы командалық есепте 3-орыннан көрінді. Бірінші орынды Тәжікстан, екінші орынды Өзбекстан спортшылары иеленді.