Қызылордалық гимнастшылар үздік өнер көрсетті

310

0

Қызылордада көркем гимнастикадан «Сыр жұлдыздары» атты облыстық  ашық чемпионат өтті. Облысымызда алтыншы мәрте ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірлерінен 13 команда 340 спортшы қатысты.

Сайыс кезінде жеке және топтық жаттығу бағдарламалары бойынша 2001-2012 жылдары туылған гимнастшы қыздар өз өнерлерін ортаға салды.

Жарыста 1-6 орынды иеленген гимнастшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық көркем гимнастика федерациясы және ата-аналар комитеті дайындаған диплом, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Топтық жаттығу бойынша жеңімпаз командалар: 

2005-2006 ж.т. Шымкент

2006-2007 ж.т. Қызылорда

2007-2009  ж.т. Қызылорда

2008-2009 ж.т. Қызылорда

2011 ж.т. Қызылорда

Жеке жаттығуда жеңімпаз атанған спортшылар:

2003 ж.т. Ақмарал Досыбаева (Шымкент) 

2004 ж.т. Арайлым Нұрділда (Шымкент)  

2005 ж.т. Румисат Исаева (Қызылорда)

2006 ж.т. Алуа Нарбай (Шымкент) 

2007 ж.т. Камила Сайын (Алматы қ.) 

2008 ж.т. Салтанат Мұратова (Қызылорда)

2009 ж.т. Сабина Омарова (Қызылорда)

2010 ж.т. Лағыл Бекеева (Алматы обл.), Зере Әбдіқабыл (Қызылорда)

2011 ж.т. Айша Сұлтан (Қызылорда)

2012 ж.т. Аяла Нұрсұлтан (Қызылорда)

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<