Павлодар қаласында ҚР ІІМ VIII спартакиада және «Динамо» ФСО бағдарламасында жауынгерлік қарудан жарыс өтті. Үш күнге созылған сайыста 17 аумақтық полиция департаменттерінің және көліктегі полиция департаментінің өкілдері, сонымен қатар ҚР ІІМ, ҚР ҰҚБ, ҚР ҰҚБ шекара қызметі, ҚР ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармаларының өкілдері қатысты.
Әйелдер арасындағы жеке біріншілікте жауынгерлік қарудан ату бойынша Қазалы ауданы полиция бөлімінің аға инспекторы Тен Айнура Александровна ІІІ орынды иеленді. Бұл сайыста мерген Айнұр жоғары деңгейде өз шеберлігін көрсетіп, қоғамдық тыныштық пен халықтың қауіпсіздігінің күзетінде тұратын полиция қызметкерлерінің жауынгерлік дайындығы талапқа сай екендігін дәлелдеп берді.
Марапаттау рәсімінде оған диплом мен сыйлық табыс етілді.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<