Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы шара ұйымдастырды

248

0

Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы шара ұйымдастырды Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастамасымен облыс көлемінде орта және арнаулы орта оқу орындары арасында «Берік отбасы есірткіден алыс!» ұранымен черлидинг спорттық би түрінен сайыс ұйымдастырылды.
Сайыс барысында облыстағы оқу орындарынан 62 команда (532 оқушы, студент) қатысты.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға баулу.
Сайыс құрылыс құру мен өзара байланыстың ерекше идеялары, қимылдар мен музыкалық сүйемелдеудің тиімді таңдауы, әртістік қабілет, сондай-ақ, барлық қатысушылардың элементтерді синхронды түрде жасауы, қатысушылардың сырт келбеттері бойынша талаптар бойынша бағаланды.
Нәтижесінде Шиелі ауданы №48 орта мектебі бірінші орынды еншілесе, екінші орынды Жаңақорған ауданының №52 орта мектебі және үшінші орынды Арал ауданы №83 орта мектебі иеленді.
Сайыс нәтижелері бойынша 18 оқу орны командаларына бағалы сыйлықтар берілетін болса, 22 оқу орнының командалары департамент бастығының алғыс хаттарымен марапатталады.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».

Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы шара ұйымдастырды Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы шара ұйымдастырды Қызылордалық полицейлер есірткіге қарсы шара ұйымдастырды 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<